Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Отандық медиа мен кинода отбасылық өмірдің қиындығы ғана көрсетіледі - Ержан Мырзабаев
Жаңалықтар

Отандық медиа мен кинода отбасылық өмірдің қиындығы ғана көрсетіледі - Ержан Мырзабаев

15.02.2024
1 мин
0
226
Фото: gaz-kvas.com

Отбасы академиясының негізін қалаушы Ержан Мырзабаев жастарға отбасы құрмас бұрын отбасылық курс оқытуды ұсынды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында отбасылық психолог Ержан Мырзабаев отбасы институтының мәселесін көтеріп, өз ұсынысымен бөлісті.

«Жастар және отбасы комитеті Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарайды. «Отбасы – кішігірім мемлекет» және «Мемлекет - үлкен отбасы» деген сөз бар. Оның ішіндегі проблемалар да бір-бірімен өте тығыз байланысты. Соңғы кездері отбасындағы ажырасу деректерінің көбейіп кеткені сонша, тіпті құлағымыз үйреніп қалды. Тағы бір проблема - үйленудің де жылдан-жылға азайып бара жатқаны. Жастар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу жұмысын қолға алсақ. ЖОО-лар мен мекемелерде де осы істі қолға алған жөн», - деді ол.

Мырзабаевтың айтуынша, медиа мен кино саласы осы бағытта жеткілікті деңгейде жұмыс істемей жатыр.

«Онда көбінесе отбасылық өмірдің қиындығы, келіндерді кемсітуі, үйлі болу үшін ажырасу керегі, қайтадан ажырасып, жалғызбасты ана болу отбасы болуда материалдық тұрғыда әлқайда пайдалы екенін көрсетіп жатыр. Оның салдары жастардың жылдан-жылға отбасы құруға асықпауына әкеп соғуда. Соңғы ұсынысым отбасы құрмас бұрын кандидаттарды отбасы курстары арқылы оқыту, отбасылық өмірге жан-жақты дайындау керек», - дейді Мырзабаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
289
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл