Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан 2020 жылдың 9 айында Өзбекстаннан 8 985 автокөлік сатып алды. Өзбекстанның Мемлекеттік статистика комитетінің ресми сайтының деректеріне сүйенсек, көрші елден сатып алынған көліктің жалпы құны 91,7 млн долларды құраған.
Биылғы 9 айда Өзбекстан экспортқа жалпы құны 108,2 млн долларды құрайтын 11 135 көлік шығарған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 47,9%-ке артқан.
Айта кету керек, автокөліктердің 85%-ке жуығы Қазақстанға сатылған. Ал қалған бөлігі Әзербайжан (6,2 млн доллар), Украина (5,7 млн доллар), Ресей Федерациясы (2,2 млн доллар), Тәжікстан (1,1 млн доллар) және басқа да елдерге (1,3 млн доллар) тиесілі.