Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Парламент 2022-2024 жылдарға арналған бюджетті қабылдады
Жаңалықтар

Парламент 2022-2024 жылдарға арналған бюджетті қабылдады

25.11.2021
1 мин
0
1266

Мәжіліс депутаттары Сенаттың 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына енгізілген түзетулерімен келісті.

"18 қарашада 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы Сенат отырысында қаралды. Сенат 107 түзету енгізді. Түзетулер республикалық бюджеттің негізгі параметрлерін өзгертпейді. Үкімет резервін қайта бөлу есебінен республикалық бюджеттің шығыстары 2022 жылы - 64,5 миллиард теңгеге, 2023 жылы - 15,1 миллиард теңгеге, 2024 жылы - 6,4 миллиард теңгеге ұлғайды.

Сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдарға шығыстар қайта бөлінді. Осыны ескере отырып, комитет Мәжіліске Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісу туралы ұсыныс енгізуге болады деп санайды. Қолдау көрсетіңіздер", - деді Мәжіліс отырысында депутат, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Анатолий Бойчин.

Дауыс беру нәтижесінде мәжілісмендер енгізілген түзетулермен келісті. Заң жобасы Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл