Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Пәтерді жылдам сатудың жолы қандай?
Баспанаға бағыт

Пәтерді жылдам сатудың жолы қандай?

15.06.2020
2 мин
4
4424

Пәтерді ақшаға айналдырудың орташа мерзімі 3-6 ай аралығын құрайды. Үйіңізді бұдан да қысқа уақытта сатқыңыз келіп, пәтер сатуды жылдамдату жолдарын іздеп жүрсеңіз, бұл материал сізге арналған.

         1-қадам. Бағасын белгілеу  

Объектінің нақ бағасын белгілеу үшін бағалаушы немесе риэлтор көмегіне жүгініңіз. Бірақ үйді өздігінен де бағалауға болады. Бағаны өздігінен анықтау үшін жарнама беру сайттарынан геолокация арқылы сіздің ауданыңызда орналасқан, ұқсас ұсыныстарды мұқият зерттеңіз. Зерттеу барысында тұрғын үй санаты мен жағдайын, орналасқан ауданын, бөлме саны мен басқа да факторларды назардан тыс қалдырмаған жөн.

         2-қадам. Хабарландыру беру

Хабарландыруда пәтер туралы ақпарат неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Бөлме саны, бағасы, салынған жылы сияқты міндетті түрде толтырылуы керек негізгі пунктерден басқа қосымша ақпараттарды жазуға ерінбеңіз. Қала картасынан үйдің орналасқан жерін белгілеңіз. Өйткені қолданушылар пәтер іздегенде керек аймақты таңдап, картаны пайдаланады.   

Сурет жүктеңіз. Хабарландыруда сурет болса, қаралым саны 3-5 есе артады. Суреттің болуы сатып алушының алдында шынайы объект тұрғанына кепіл бола алады. Суреті бар хабарландыруға сенім жоғары. Тіпті үйіңіз көпқабатты тұрғын үй болса да, оның сыртын, ауласын да суретке түсірген дұрыс. Ал бөлмелерді суретке түсіру барысында ракурсты дұрыс таңдаңыз. Бөлме іші жарық, жинаулы, сырт көзге шаршы метрі кең болып көріну керек. 

Сондай-ақ хабарландыруды кеңінен тарататын қызмет түрлерін қолданған дұрыс. Хабарландыруыңызды көбірек адамның көргені жақсы. Пакеттік ұсыныстар қаралым санын 10 есе көбейтеді.

         3-қадам. Пәтерді дұрыс ұсыныңыз

Сатып алушылар келмес бұрын пәтерді жақсылап тазалап, жинап қойыңыз. Пәтердің көлемін кішірейтіп көрсететін артық заттарды алып тастаңыз. Есіңізде болсын, жағымсыз көрініс пен байқаусызда айтылған сөз клиентті қорқытып алуы мүмкін.

         4-қадам. Құжаттарды дайындаңыз

         Төмендегі құжаттардың түпнұсқалары болуы керек:

  • құқық белгілеуші құжаттар (сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау, жекешелендіру шарттары, мұраға құқық туралы куәлік және т.б.);
  • ауыртпалықтар туралы анықтама (тыйым салу, кепіл, айыппұлдар және т. б.). Жылжымайтын мүлік кепілге қойылса, шарт жасасып, қол қоюға кепіл ұстаушының жазбаша келісімі қажет болады;
  • үй иелерінің жеке куәліктері;
  • үй иесі үйленбегенін растайтын нотариалды куәландыру. Үйленген болса, жұбайының нотариалды куәландырылған келісімі қажет. Айырылысқан жағдайда, мүліктік талаптардың жоқтығы туралы ақпараты бар мүлікті бөлу туралы сот шешімі;
  • үйді сатушы егде жастағы немесе психикалық денсаулығына күмәнмен қарарлық адам болса, оның денсаулығы туралы медициналық мекеме анықтамасы;
  • егер жылжымайтын мүлік немесе ондағы үлестің меншік иесі кәмелетке толмаған, мүгедек немесе әрекетке қабілетсіз адам болса, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының (органы опеки и попечительства) рұқсаты керек;
  • сәйкестендіру құжаты (техпаспорт) және құқықтық кадастрдың тіркеу парағынан үзінді көшірме.

Үй сатудағы тағы бір маңызды мәселе – саудаласу. Сатып алушымен саудаласуды алдын ала ойластырып қойыңыз. Жеңілдік жасау қашанда жағымды әсер береді. Үйді сату бағасының хабарландыруда берілген бастапқы бағадан айырмашылығы болатынын ұмытпаңыз. Саудаңыз сәтті болсын!

Жансая ҚАМБАР

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
Н
Назгүл 25.07.2020
Жеке үйді сатуға қойғаныма 6-7ай болды,келеді көреді бірақ нақты сауда жоқ.Қандай жолы бар,басқаша???
Жауап беру
Г
Гаухар 25.07.2020
Негізі сурет қойғандаьқажет емес суреттер көп болады: көбі жиһаздарын үлкен планмен қойып қояды. Оның орнына үйдің поанын қойса сол үлкен шынайылық болартеді.
Жауап беру
Қ
Қарлығаш 16.06.2020
Өте жақсы! Рақмет! Жасай беріңіз! Сəттілік!
Жауап беру
Ш
Шарбану 16.06.2020
Оте кажет акпарат болды
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл