Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Павлодарда мектеп оқушылары оқ атқан
Жаңалықтар

Павлодарда мектеп оқушылары оқ атқан

24.01.2022
1 мин
0
1011

Полиция кәмелетке толмаған балаларды анықтады. Оқиғаға  қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 қаңтар күні сағат 17:47-де 34 жастағы қала тұрғыны полицияға қоңырау шалып, белгісіз біреулер оның терезелеріне оқ атқанын айтқан. Шақыру бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жіберілді. Тексеру барысында екі оқ атылғаны және салдарынан Бұқар жырау көшесіндегі үйдің үшінші қабатында орналасқан балконның әйнегі зақымдалғаны анықталды.

Полиция қызметкерлері 13-15 жас аралығындағы жеті кәмелетке толмаған баланы ұстады. Олар Павлодар қаласының №№ 6, 16, 24, 29 және 34 мектептерінің оқушылары болып шықты. 


-  23 қаңтарда жасөспірімдер досына компьютерлік ойындар ойнауға жиналған. Олардың бірі өзімен бірге досынан алған тапаншаға ұқсас затты алып келген. Қызығушылық үшін балалар балконға шығып,  кезекпен оқ атқан.  Бұл оқтың бірі полицияға жүгінген ер адамның пәтер иесінің балконының терезесіне тиген, - делінген хабарламада.


Қару тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

Айта кету керек, балалардың іс-әрекеттері үшін заңды өкілдері жауап береді.  

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл