Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда жұмыссыздардың саны қанша
Жаңалықтар

Қазақстанда жұмыссыздардың саны қанша

14.05.2024
1 мин
0
728
Фото: news.myseldon.com

Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,7% болды, деп хабарлайды dauletten.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып. 

Жұмыссыздық деңгейі Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген. Яғни бұл ұйымның стандарттарына сәйкес, жұмыссыздар – табысты кәсібі болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.

«2024 жылғы I тоқсанда Қазақстанда Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады. Экономиканың әртүрлі салаларында 9 167,3 мың адам жұмыс істейді, олардың 6 981,4 мыңы (76,2%) жалдамалы қызметкер болса, 2 185,9 мың адам (23,8%) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан үлкен жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,8% болды», - делінген хабарламада.

Ал 15 пен 34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1% құрап отыр.

Статистика бюросының ақпаратынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2024 жылғы сәуір айының соңындағы жағдай бойынша 315,6 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,3% құрады.

Айта кетері, былтыр Қазақстанда жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл