| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Павлодар қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде қайғылы жағдай болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бір әскери қызметші көз жұмып, тағы бірі жарақат алған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келісімшарт негізінде қызмет еткен сарбаз өзіне тиесілі қарудан оқ атқан. Соның салдарынан ол сол жерде қаза тауып, жанындағы тағы бір әскери қызметші түрлі жарақат алған.
Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, барлық жағдайлар мұқият анықталуда. Жарақат алған азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Тергеу жұмыстары Ішкі істер министрлігінің әскери тергеу органдарының бақылауында.