Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы ғылым және жоғары білім министріне депутаттық сауал жолдап, педагог мамандар үшін талапты күшейтуді ұсынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Депутат Ирина Смирнованың айтуынша, бір жыл бұрын "Педагогика мен психология" мамандығының шекті ұпай саны 89 болса, былтыр 81-ге дейін төмендеген. Ал шетелде керісінше педагогика мамандығы бойынша жоғары талаптар қойылады.
– Педагог мамандығына грант алу үшін емес, балаларды шын жүрегімен оқытуды және тәрбиелеуді қалайтын адамдар келуі керек. Бүгінде осы салаға үздіктерді тарту үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Студенттерге жоғары стипендия төленеді. Мұғалімдердің жалақысы жақсы. Енді талапты күшейтіп, кандидаттарды қатаң іріктеуден өткізу керек, - деді ол.
Фракция депутаттары педагогика мамандықтары бойынша грантқа түсемін дейтін түлектер үшін бірыңғай ұпайдың шегін белгілеуді ұсынып отыр.
– Бұдан бөлек, мотивацияны күшейту үшін үздік бітірген мамандарға жұмыс орнын таңдау мүмкіндігін беруді ұсынамыз. Бүгінде олар жұмысты өз бетімен іздеуге мәжбүр. Жұмыс беруші еңбек өтілін сұрайды, аттестация нәтижесі керек. Бұның барлығы жас маман үшін кедергі және осы мамандыққа деген қызығушылығын төмендетеді, - деді Смирнова.