Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2025 жылғы 3 шілдеде Петропавл қалалық соты "Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі" ЖШС директоры мен бас инженеріне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Олар қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, сорғы станциясын және тұрғын үйлерді сумен жабдықтау мен жылыту жүйелерін жөндеуге бөлінген 8 млн теңгеден астам қаражатты иемденгені үшін кінәлі деп танылды.
Сот шешімімен серіктестік директоры 3 жылға, ал бас инженер 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Прокуратура мұндай қылмыстардың қоғамға келтіретін зияны материалдық шығыннан әлдеқайда ауыр екенін атап өтті. Бұл ең алдымен мемлекеттік органдарға деген сенімге нұқсан келтіреді.
Үкім 2025 жылғы 26 тамызда заңды күшіне енді.
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасы аясында лауазымды тұлғалардың бюджет қаражатын иемденуі заңды өрескел бұзу болып саналатынын еске салады.