Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі сатты деп айыпталып жатқан видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасы жазды.
Ақсу қаласының 26 жастағы тұрғынының өтініші бойынша Павлодар облысы ПД «Бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Бұған дейін желіде жәбірленушінің полиция қызметкерлерін, онымен бірге есірткі құралдарын сатуды жүзеге асырды деп айыптаған бейне тараған болатын.
«11.11.2022 жылы жәбірленуші өзі полицияға келіп, бұрынғы таныстарының бұдан ақша бопсалап, оған тиесілі автокөлікті алып қойғанын және оны бопсалау мақсатында полиция қызметкерлеріне қатысты бейне жазуға мәжбүр еткені туралы арызбен жүгінді. Ол аталмыш таныстарының талабын орындаудан бас тартқан кезде, олар бейнені жариялап жіберген», – деді полицияда.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен Ақсу қаласының жұмыссыз тұрғындарын (1989, 1994, 1995 жылы туған) анықтап, ұстап Павлодар қаласының УҰИ-не қамауға алды.
«Жәбірленушінің күдіктілердің қысымымен бейнежазба түсіргені туралы айтқанына қарамастан, видео материалдары бойынша тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі», - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.