Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Полиция үш өңірде бопсалаушылардың қылмыстық топтарын ұстады. Бұл туралы ІІМ мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ішкі істер министрлігі бопсалаушылардың қылмыстық топтарын анықтау және оларды ұстау бойынша жұмысты үздіксіз жүргізіп жатыр. Соңғы үш күнде 3 қылмыстық топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс айтты.
Оралда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде көрсетіп, зорлық-зомбылықпен оқу орындарының бірінің студентінен 500 мың теңге бопсалаған жергілікті жастар тобын ұстады. Күдіктілер қамауға алынды. Шымкентте жедел уәкілдер қаланың екі тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ұсталғандар жергілікті тұрғыннан бір миллион теңге бопсалап, оған қатысты ақпарат таратамыз деп қорқытқан, - деді Қуандық Алпыс.
Дәл осындай қылмыс Ақтөбеде де болған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері бір миллион теңге мен Subaru автокөлігін алу кезінде қылмыстық топтың мүшесін ұстады. Ол өзінің үш сыбайласымен ғимарат жертөлесінде жәбірленушіге моральдық және физикалық қысым көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған.
Қ. Алпыстың сөзінше, аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бопсалау фактілерін анықтау және олардың алдын алу жұмыстары жалғасады.