487.17
565.65
6.72
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Премьер-министр ҚТЖ басшылығына ескерту жасады
Жаңалықтар

Премьер-министр ҚТЖ басшылығына ескерту жасады

16.06.2026
мин
0
99
Сурет: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында транзиттік тасымал көрсеткіштерінің жоспардан айтарлықтай төмен екенін айтып, «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшылығына жұмысты күшейтуді тапсырды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Үкіметтің кезекті отырысында теміржол саласындағы транзиттік тасымал мәселесі қаралды. Жиын барысында Премьер-министр Олжас Бектенов бекітілген жоспардың орындалу қарқынына көңілі толмайтынын жеткізді.

Үкімет деректеріне сәйкес, биыл Қазақстан аумағы арқылы 55 миллион тонна транзиттік жүк тасымалдау жоспарланған. Алайда қазіргі таңда бұл бағыттағы көрсеткіш межеленген деңгейден төмен қалып отыр.

Атап айтқанда, осы уақытқа дейін 23 миллион тонна жүк тасымалдануы тиіс болса, нақты көлем 16 миллион тоннаны ғана құраған. Бұл жоспардан шамамен 30 пайызға артта қалуды көрсетеді.

Осыған байланысты Премьер-министр «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшылығына транзиттік тасымал көлемін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар ол жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету әрбір жауапты тұлғаның жеке жауапкершілігі екенін атап өтті.

Бектенов теміржол саласының тиімділігі елдің транзиттік әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқаратынын айтып, бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігін жеткізді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл