Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Таяу күндері Премьер-Министр кандидатурасы мемлекет басшысына ұсынылады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Уақыты келгенде білесіздер. Қазір мен оны ашып айта алмаймын. Мемлекет басшысына кандидатураны (премьер-министр кандидатурасы) таяу күндері ұсынатын боламыз. Мүмкін ертең не арғы күні. Қазір процедурасын пысықтап жатырмыз. Президентпен кездесуде ұсынатын шығармыз және жалпы отырыста келісімімізді береміз», - деді Мәжіліс төрағасы БАҚ өкілдерінің қойған сұрағына.
Ерлан Қошанов дәл қазір Үкімет басшысына мына кандидатты ұсынамын деп айту орынсыз болатындығын айтты.
«Партия төрағасы ретінде бұл – үлкен жауапкершілік. Партия фракциясында ақылдасуымыз керек. Содан кейін мен сіздердің алдыларыңызға шығып не болмаса тиісті процедуралар арқылы сауалдарыңызға жауап беремін», - деді Мәжіліс төрағасы.
фото: azattyq-ruhy.kz