Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында халықты оңай олжа табу туралы жарнамаларға сенбеуге шақырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында халықты оңай ақша табуға уәде беретін жарнамаларға сенбеу керектігін мәлімдеді.
- Еңбекқорлық пен жауапкершілік ұлтымыздың бірегей болмысына айналуға тиіс. Бүгінде әлеуметтік желілерде әдемі өмір сүру мен оңай олжа табу туралы жарнамалар көбейіп кетті. Бұл халықтың санасына барлық жетістікке қиналмай қол жеткізуге болады деген бос қиялды сіңіреді. Жастардың белгілі бір бөлігі соған сеніп, алтын уақыттарын босқа сарп етуде. Кез келген жетістікке тынымсыз еңбек қана жеткізетіні даусыз. Бұрынғылар "Еңбек бәрін жеңбек" деп бекер айтпаған, - деді Қасым-Жомар Тоқаев.
Тоқаев еліміздегі әр азаматтың адал және жауапты еңбегі арқылы табысқа жетуін қалайтынын ерекше атап өтті.
- Бұл – азаматтарымыздың өмірлік мақсатына айналуға тиіс. "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" қағидасының мәні де осында жатыр. Мен жастарға сенетінімді үнемі айтып келемін. Ауыл шаруашылығы жастардың өзін танытуына мол мүмкіндік береді деп ойлаймын. Ауылға маман тартудың қаншалықты қиын екенін жақсы білетін шаруашылық басшылары бұл іске ерекше мүдделі, - деді Президент