Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент бірнеше судьяны қызметінен босатты
Жаңалықтар

Президент бірнеше судьяны қызметінен босатты

29.10.2022
1 мин
0
944

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев судьялар құрамын өзгертті. Мемлекет басшысы 26 қазанда "Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Алматы, NEGE. Анатолий Смолин орнынан түсуіне байланысты Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметінен босатылды. Астанада екі судья тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін сот жюриінің қаулысымен қызметінен босатылды. Олар - Бостандық ауданының №2 аудандық сотының судьясы Қанат Сырлыбаев пен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ғалымжан Бекмамбетов.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Қабиденова да басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Ал қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қыдырбек Әлқожаев қайтыс болуына байланысты қызметінен босатылды.

Құжат бойынша, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы болып Марлен Бекетов, Ақтөбе қалалық сотының судьясы болып Марал Омарова тағайындалды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл