| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Президенті Мұхтар Шахановтың отбасына қайғыра көңіл айтты, — деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
- Мұхтар Шаханов бар ғибратты ғұмырын қастерлі сөз өнеріне арнап, қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерген, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан қоғамымыздың тұғырлы тұлғасы еді. Әрқашан тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында болды. Шығармалары көптеген шет тілдеріне тәржімаланды, жалынды жырларын қалың оқырман сүйіп оқыды. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол әдеби мұра қалдырған Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады, – делінген жеделхатта.
19 сәуір күні Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Оның жары Ханшайым Шаханова Президентке ашық хат жолдап, ақынның соңғы аманатын орындауға қолдау көрсетуін сұрағаны да хабарланды.