Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
Жаңалықтар

Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

07.06.2023
2 мин
0
702

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге ілтипат білдіре отырып, Астана халықаралық форумына Қатар үкіметі мен бизнес өкілдерін бастап келгені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Таяу арада екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады. Бұл – ерекше мерейлі белес. Осы кезеңде біз тиімді мемлекетаралық ынтымақтастыққа қол жеткіздік. Сындарлы саяси диалог құрдық. Былтыр Сіз елімізге мемлекеттік сапармен келдіңіз. Сондай-ақ жуырда Қазақстан Премьер-Министрі Қатарға сапармен барып келді. Бұл – дәстүрлі достық пен берік әріптестіктің айқын дәлелі. Сіз мемлекеттеріміздің арасындағы ықпалдастықты тереңдетуге зор үлес қосып келесіз. Мен мұны жоғары бағалаймын.Қазақ-қатар байланыстарын нығайту үшін Сізбен бірлесе әрекет етуге әрдайым дайынмын. Қатар инвесторларына барынша қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасаймыз», – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Қатарға жалпы құны 250 миллион доллар болатын 60-қа жуық өнім түрінің экспортын арттыруға дайын. Сондай-ақ іскерлік байланыстарды нығайту үшін екі ел арасында тікелей әуе қатынастарын ашу маңызды.

фото: Ақорда

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл