Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан президенті құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Биыл Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толады. Осыған орай құқық қорғау органдары, депутаттар мен құқық қорғаушылар рақымшылық туралы бастама көтерген.
– Осы ізгі шараның арқасында жазасын өтеп жатқан 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды. Соның екі мыңнан астамы бостандыққа шығады. Қалғандарының жаза мерзімі қысқарады, – деді Мемлекет басшысы.
Рақымшылық онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған азаматтарға қатысты қолданылады. Әсіресе, әлеуметтік жағынан осал топтарға – баласы бар әйелдерге, егде жастағы адамдарға, кәмелет жасына толмағандарға және осы санаттағы басқа тұлғаларға кешірім беріледі.
– Мұны жаза басқан жандарға жасалған нақты көмек, олардың қоғамға қайта оралуына жағдай жасау деп түсіну қажет. Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ, бұл – шын мәнінде қайырымды елге тән сипат, – деп түйіндеді Президент.