Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Dauletten.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды»,- делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Щучьеде теміржол бойында 19 жастағы студенттің мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Ақмола облыстық Көліктегі полиция департаменті нақтылағандай, жас жігіттің денесі Бурабай курорты – Жамантұз учаскесінен табылды.