Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент Судья және сот қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Президент Судья және сот қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

24.06.2025
1 мин
0
179
Сурет: egemen.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Судья және сот қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тоқаевтың айтуынша, биыл сот төрелігін атқаратын жауапты азаматтар үшін айрықша маңызды жыл. Себебі осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан Конституциясы қабылданған.

Президент өз құттықтауында қуатты әрі тәуелсіз сот жүйесі құқық үстемдігін орнатуда және "Заң және тәртіп" қағидатын орнықтыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Осы мақсатта елімізде сот реформалары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Басқару процестері оңтайландырылып, цифрлық технологиялар енгізілуде.

- Жұртшылықтың әділдікке деген сенімі көбінесе судьялардың кәсіби біліктілігіне, кез келген істі қараған кезде ұстанымына берік болып, бейтараптық таныта алуына тікелей байланысты. Осы маңызды әрі жауапты миссия терең құқықтық білімді, заң үстемдігін үнемі бәрінен биік қоюды талап етеді. Сот қызметкерлері мен ардагерлеріне қажырлы еңбегі мен өз кәсібіне адалдығы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер Әділетті Қазақстанды құру ісіне өлшеусіз үлес қоса бересіздер деп сенемін!, - делінген Президент құттықтауында.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі үш дербес кассациялық сот жұмыс істей бастайтынын атап өтті. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл