Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сапар 28-29 қазан күндері өтеді деп күтілуде.
- Мемлекет басшысы Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхпен, Ұлы мемлекеттік құрылтайдың төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен келіссөздер жүргізеді. Сапар барысында маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, шілде айында “ШЫҰ плюс” саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия көшбасшысы Ухнаагийн Хүрэлсүхпен кездесу өткізген болатын. Сол кезде Мемлекет басшысы Моңғолияны Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі деп атап өтті. Бізді ортақ ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени-тарихи тамырлар мен дәстүрлер байланыстырады.
Өз кезегінде Моңғолия көшбасшысы Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің нәтижелерін жоғары бағалап, Астананың халықаралық аренадағы рөлінің күшейіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, екі ел ортақ құндылықтар мен тарихи негіздерге сүйене отырып, көпжақты ынтымақтастықты дамытуы керек. Ол Тоқаевты Моңғолияға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.