Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президенттің тапсырмасымен биыл ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несиеге 1 триллион теңге бөлінді
Жаңалықтар

Президенттің тапсырмасымен биыл ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несиеге 1 триллион теңге бөлінді

16.09.2025
1 мин
0
95
Сурет: Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің диқандарына еңбектері үшін алғыс білдіріп, ауыл шаруашылығын қолдау шаралары туралы айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Президенттің айтуынша, жыл сайынғы егін жинау науқанында ауыл еңбеккерлерінің кәсібилігі мен табандылығы сыналады. Диқандар табиғаттың қолайсыздығына қарамастан, жоғары нәтижеге қол жеткізіп, елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономиканың дамуына үлкен үлес қосып келеді.

– Мемлекет диқандарды қолдау үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алып жатыр. Биыл менің тапсырмаммен ауыл шаруашылығына жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңге бөлінді. Бұл – рекордтық көрсеткіш, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде агротехнологияларды қолдану деңгейі артты, өнімділік көбейді. Бұған дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есе ұлғайту тапсырылған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл