Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Qaiyrymdy qala» әлеуметтік кешенінің ашылу салтанаты өтті
Жаңалықтар

«Qaiyrymdy qala» әлеуметтік кешенінің ашылу салтанаты өтті

17.09.2021
1 мин
0
897

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Qaiyrymdy qala» әлеуметтік кешенінің ашылу салтанаты өтті.

«Qaiyrymdy qala» әлеуметтік кешені «Dauletten қайырымдылық қорының» бастамасымен ашылды. Кешеннің ашылу салтанаты танымал журналист Қымбат Досжан, әнші Досымжан Таңатаровтың қатысуымен өтті.

Жоба аясында аз қамтылған отбасылар киім-кешек, қажетті тұрмыстық заттарды әлеуметтік кешеннен ала алады. Сондай-ақ орталықтағы кабинеттер аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың тегін білім алуына бағытталған. Алдағы уақытта орталықта логопед, тіл мамандары сабақ береді.

«Кешенде әлеуметтік дүкен, тіл оқу орталығы, логопед маман, балалар мен отбасы психологы қызметтері қор есебінен көрсетіледі.
Орталыққа тұрмысқа қажетті заттарды, киім-кешектерді қайырымдылық негізінде өткізуге болады. Жинақталған киімдер тазаланып, үтіктеліп мұқтаж оқырмандарға табысталып отырады», - деп жазды Дәулет Төлеутайұлы әлеуметтік желіде.

Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби бабамыздың «Қайырымды қала тұрғындары» трактатының философиясы негізіне сүйене отырып жасалған бұл жоба әлеуметтік біраз мәселелерді шешуге бағытталған.

«Азаматтар арнайы орталыққа тіркелу арқылы киім-кешек, қажетті тұрмыстық заттарды ала алады. Орталыққа отбасылардың санатын растайтын қажетті құжаттарды өткізеді. Нәтижесінде, аз қамтылған отбасылар белгіленгенген шектеуге сай қажетті заттарды ала алады. Сондай-ақ азаматтар тарапынан қайырымдылық негізінде киімдерді қабылдаймыз. Басты мақсатымыз - аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың білімді болуына атсалысу", - деді «Dauletten қайырымдылық қоры» ЖҚ директоры Нұрсұлтан Орыналыұлы.

 


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл