Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қалыңмалды мәһір деуге бола ма? Бұған ҚМДБ Ғұламалар кеңесі жауап берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚМДБ Ғұламалар кеңесі көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді.
Күйеуі тарапынан берілетін қалыңмалды қыздың разылығымен мәһірге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады. Әке еңбегі, ана сүті секілді қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый, т.б.) мәһірге жатпайды, - деді ғұламалар.
Яғни Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы тұрмысқа шыққан қызға берілетін қалыңмал мен мәһірді біріктірді.