Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Төлем картасы - бұл банктік шоттан қаражатты пайдалану құралы. Десек те, банк картаны бұғаттап, карта қолданушысының шотында жатқан ақшаны пайдалану мүмкіндігін шектей алады. Осы ретте, банк картаны бұғаттаған жағдайда не істеу керетігіне тоқталамыз.
Айта кетейік, қазақстандық заңнама аясында «бұғаттау» түсінігі төлем карталарына қатысты қолданылады. Бұл оларды пайдалану қызметін жүзеге асыруға, соның ішінде тауарларды төлеуге және қолма-қол ақшаны алуға тыйым салу.
Картаны бұғаттау жайлы жағдайлар картаны шығарған банк ережелерінде, сондай-ақ Қазақстан аумағында оларды пайдалана отырып, қызмет көрсету жүйесіне қойылатын талаптарда белгіленген. Ол жерде банк қандай жағдайда картаны бұғаттайтыны толық жазылған. Карта қолданушысынан төлем картасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе рұқсатсыз пайдаланылғаны туралы хабарлама алған кезде, сондай-ақ қолданушы төлем картасын ешкімге бермеу туралы шартты ұстанбаған жағдайда банк картаны бұғаттауға құқылы.
Банк қандай жағдайда картаны бұғаттай алады?
Сіз PIN-кодты бірнеше рет қате терсеңіз, банк картаны бұғаттай алады. Кейбір банктердің банкоматтарында PIN-кодты үш рет қате енгізген жағдайда карта автоматты түрде бұғатталады. Банктер әдетте клиенттерге бұл туралы ескертіп, қосымша ақпарат алу үшін call-орталыққа хабарласуды ұсынады.
Сондай-ақ карта арқылы орындалған қандай да бір қызмет күмәнді болып көрінген жағдайда банк картаны бұғаттай алады. Соңғы кездері қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсуіне байланысты қаржылық алаяқтықтардың саны да артып келеді. Сол себепті банктер карта арқылы жасалатын алаяқтық операциялардың алдын алу үшін картаны бұғаттай алады.
Тағы қандай жағдайларда банк карта мен шотты бұғаттай алады
Банк мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың тиісті шешімдеріне сүйене отыра, банктік шоттағы ақшаны алып тастауға, сондай-ақ қызметтерді тоқтата тұруға құқылы. Оларға алимент төлемеу, салық төлемеу, үшінші тұлға алдындағы қарыз, айыппұлдар және т.б. шешімдер жатады. Десе де, банк қызметкерлері төлем картасының не себепті бұғатталғанын немесе банктік шотқа тыйым салынғанын түсіндіру керек. Банк төлем картасын заңсыз бұғаттаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және даму агенттігіне жүгінуге болады.
Сондай-ақ банк жалақы алатын картаны бұғаттай алады. Бірақ бұл ретте мемлекеттік жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді, алименттерді аударуға немесе білім беру жинақтау салымдарын сақтауға арналған арнайы шотты бұғаттай алмайды. Арнайы шоттағы қаражатты ешкім мәжбүрлі түрде өндіре алмайды.
Тағы көру