Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қанша қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы қорын пайдаланды
Жаңалықтар

Қанша қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы қорын пайдаланды

31.05.2021
1 мин
1
1755

Елімізде зейнетақы қорының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мүмкіндігін 280 709 салымшы пайдаланды. Азаматтардың арнайы шоттарына 1,3 трлн теңгеден астам қаржы аударылды. Төлемдердің орташа сомасы 4.7 млн теңгеден асты.

Өтініштердің басым көпшілігі Маңғыстау облысы (16.9 %), Алматы (16.5 %) және Нұр-Сұлтан (13.1 %) қаласына тиесілі.

Төлемдердің басым көпшілігі төмендегі мақсаттар бойынша аударылды:

1. Ипотекасыз, тұрғын үйді сатып алу (толық сатып алу) - 621 млрд теңге.

2. Ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеу, оның ішінде Ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде - 338 млрд.

3. Зейнетақы жинақтарын тағайындау - 194 млрд.

4. Отбасы банкінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотеканы рәсімдеу - 75 млрд.

5. Ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарнаны енгізу (оның ішінде Ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде) - 40 млрд.

Сонымен қатар, 132.5 млрд теңге зейнетақы төлемдерін пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты және өтініш берушінің бас тартуы, сондай-ақ өзге де себептер бойынша қорға кері қайтарылды.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштер қабылдайтын операторлар - Отбасы Банкі, Halyk Bank, Altyn Bank, ЦентрКредит Банкі. 

Сондай-ақ, БЖЗҚ-ға емделуге барлығы 8152 өтініш келіп түсті, оның ішінде 5,1 млрд теңгеге жуық сомаға 5295 өтініш орындалды. Төлемдердің орташа сомасы шамамен 1 млн теңгені құрайды. 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ж
Жазира 31.05.2021
Зейнетакы корынан кез келген сумманы уйге салуга болама? Зейнетакы корын пайдалану ушин корда канша акша болуы шарт?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл