Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бас прокуратура өкілі қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматыдағы «Көк Төбе» телемұнарасын басып алғысы келген күдікті ұсталғанын айтты.
«Алматыда 6 қаңтарда «Көк Төбе» телемұнарасын басып алуға тырысқан қаңтар оқиғасына қатысушы әшкереленді. Оның стратегиялық нысанды иеленудегі негізгі мақсаты жалған ақпарат тарату арқылы азаматтарды көшеге шығуға үгіттеу үшін теледидар мен радиоарналардың жұмысын бақылау болған», деді Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде.
Күдікті сот санкциясымен қамауға алынған.