Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс кулуарында ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасына қатысқандардың қаншауы рақымшылыққа іліккенін айтты.
"Шамамен 1500 адам. Бірақ қазір бізде қылмыстық қудалау орбитасында 1600-ге жуық адам бар екенін есте ұстаған жөн. Яғни, көпшілігі рақымшылыққа ілігеді", - деді Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалив.
Оның айтуынша, рақымшылыққа негізінен жаппай тәртіпсіздікке, ұрлық пен басқа да қылмыстарға қатысты баптарға қатысы барлар ілігеді.
"Бұл жай ғана арандатушылыққа бой алдырған азаматтарымыз", - деді Әсет Шындалиев.