Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған адамдарды азаптаған полиция қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты nege.kz-ке сілтеме беріп.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың қаңтарында қала тұрғындарының бірі бөтеннің көлігін иемденді деген күдікпен полиция бөліміне жеткізілген.
"Былтыр қаңтарда көлікті заңсыз иемденді деген күдікпен Р. атты азамат полиция бөлімшесіне жеткізіліп, үш қызметкерге тапсырылды. Олардың екеуі ұсталған адам тәртіпсіздікке қатысты деп болжап, осы оқиғада зардап шеккен әріптестерінен кек алу үшін физикалық қысым көрсеткен. Үшінші полицей екі әріптесінің қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсе де басшылыққа жеткізбеген. Осылайша, ол құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, өз қызметінде әрекетсіздікке жол берген", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Судья шешім қабылдау кезінде олардың балалары барын ескерді.
"Сот үкімімен Б. және Х. атты сотталушылар Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырып, оларға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы Қ. Қылмыстық кодекстің 370-бабы 2-1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан өмір бойына айырылды әрі бас бостандығы 1,6 жылға шектелді", - деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Фото: ozger-is.qamshy.kz