Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қаңтардағы тәртіпсіздікті 18 адам ұйымдастырған
Жаңалықтар

Қаңтардағы тәртіпсіздікті 18 адам ұйымдастырған

06.01.2023
1 мин
0
863

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда 18 адамға қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айып тағылғанын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

5 қаңтарда Мәжілістегі арнайы тыңдаулар барысында құқық қорғау органдарының өкілдері қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің қорытындысын жариялады. Парламент кулуарында журналистер бас прокурордан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов өз мүддесі үшін әрекет етті ме, әлде біреудің тапсырмасын орындады ма деген сауал қойды.

"Бұл істер өте құпия режимде тергеліп жатыр. Сондықтан нақты осы сұрақтарды осы істі тергеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолдар едім. Біз тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру бойынша 18 адамға қатысты іс қозғадық. Көптеген іс кетті. Егер нақты фамилиялар қажет болса, қосымша көтере аламыз", - деп жауап берді бас прокурор Берік Асылов.

Айта кетейік, Мәжілістегі тыңдаулар барысында Бас прокурор қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның экс-орынбасары Әнуар Садықұлов ҰҚКД ғимаратынан кету туралы бұйрық бергенін айтқан болатын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл