Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгінде Қазақстанда несиесі жоқ адам кемде-кем. Себебі елімізде үй мен көлік, тұрмыстық техника мен ұялы телефон сияқты қажеттіліктер көбіне тұтынушылық несиемен алынады. Ал кез келген несие қарыз алушының несие тарихына тіркеліп отырады. Сәйкесінше, несиені уақытылы төлемеген жағдайда несие тарихы бұзылады.
Несие тарихы туралы түсінік
Несие тарихы дегеніміз – микроқаржы ұйымдары сияқты несие беретін мекемелер немесе банктерден алған кез келген несиеңіз туралы Бірінші кредиттік бюро базасында сақталатын ақпарат. Яғни несиені алып, төлемеген немесе кешіктіріп төлеген кезіңіз базаға тіркеліп қана қоймай, несие тарихыңызды бұзады. Несие тарихында қарыз сомасы, оны төлеу және ұзарту мерзімдері туралы толық ақпарат көрсетіледі. Ол ақпарат несиеңізді өтеген соң да сақтала береді және оны тазарту не өзгерту мүмкін емес. Алынғанына 10 жылдан асқан несиелер ғана өзексіз болады.
Несие тарихы ең алдымен несие беретін мекемелер мен банктер үшін қажет. Себебі олар несие тарихы арқылы қарыз алушының мойнында қандай банктен алынған қандай несие болғаны, оны қандай сомада қанша уақытқа алғаны және несиені қалай төлегені туралы ақпаратпен танысып шығып, өз несиелендіру саясаты бойынша несие беру-бермеу туралы шешім шығарады.
Жақсы несие тарихы не үшін қажет?
Қандай жағдайда несие берілмейді?
Несие беру әр банкте әртүрлі, яғни әр банктің клиентке қояр өз талаптары бар. Бір банк несие алушының бұрынғы қарызды 90 күн кешіктіріп төлегенін анықтаса, несие рәсімдемейді. Ал келесі банк бұл жағдайды ескермеуі мүмкін. Кей банктер қосалқы қарыз алушыны шақыртып жатса, басқа банк мамандары қосымша кепіл беруді сұрауы мүмкін.
«Қара тізім» және несие тарихын жақсарту жолы
Банк қызметкерлерінен «сіз «қара тізімдесіз» немесе «қара тізімге» кіріп кетпеңіз» сынды сөздерді жиі естіп жатамыз. Бірақ шындығында «қара тізім» деген шартты атау ғана. Себебі несие тарихы сақталатын Бірінші кредиттік бюро ешқандай «қара тізім» жүргізбейді. «Қара тізім» ұғымын банк қызметкерлері несиені бірнеше мәрте кешіктіріп төлеген борышкерге қатысты қолданады.
Ал несие тарихын жақсартудың жалғыз ғана жолы бар. Ол аз сомаға болсын қайтадан несие алып, оны уақытында төлеп тұру. Сонда ғана несие тарихыңыз жақсарып, несие берушілерге төлем қабілетіңіз көрінеді. Кейіннен банк қомақты сомада да несие алуға өтінішіңізді мақұлдауы мүмкін.
Несие тарихын қалай тексеруге болады?
Несие тарихыңызды онлайн білудің бірнеше жолы бар:
Жансая ҚАМБАР
Тағы көру