Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде несие тарихы нашар қарыз алушылар үшін жаңа механизм жасалды. Бастама 8 сәуірден бастап іске қосылады, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Енді «қара тізімге» енген азамттар арнайы базадан мәліметтерді жойып, жаңа несие рәсімдей алады. Қайтару уақыты 90 күннен асқан несие «қалыпқа келтірілді» деген мәртебе алады. Ол үшін несие жабылған кейін 12 ай өтуі керек және басқа қарыздар болмауы керек.
«Мәртебе азаматтардың банктер мен басқа да несие беру ұйымдары алдындағы міндеттемелерін адал орындауының дәлелі болады. Қандай да бір құжаттар талап етілмейді. Рәсім мерзімі өткен борышты өтегеннен кейін 12 ай өткен соң және осы кезеңде өзге мерзімі өткен қарыз болмауы ескеріледі», - деп түсіндірді қаржы реттеушісі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов.
Елімізде осы уақытқа дейін «қара тізімге» енген азамттарға несие берілмейтін. Ал ішінара өтелген қарызы бар азаматтардың жағдайы ескеріліп, оларға ыңғайы төлем мөлшерімен жаңа кесте ұсынылады.