Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін таңертең Қарағанды қаласының 12 мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Dauletten.kz cайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«22 желтоқсан күні сағат 11-ден бастап Қарағанды қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімшелеріне қаладағы 12 мектепке жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарламалар түсе бастаған. Жедел тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ПД баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (14,5 млн теңге) немесе бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.