Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды облысында 40 миллиард теңгеге зауыт құрылысы басталды, деп хабарлайды Dauletten.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Жоба Нұрин ауданында жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, 2023 жылы қуаттылығы жылына 400 мың тонна өнім беретін арнайы кокс шығаратын кәсіпорынды іске қосу жоспарланған.
Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбектің айтуынша, зауыт импорт алмастыру бағдарламасы аясында ашылады.
«Жобаға шамамен 40 миллиард теңге инвестиция жұмсау жоспарланған. Сонымен қатар 120 жаңа жұмыс орны ашылмақ», - деді Жеңіс Қасымбек.
Хабарламада кәсіпорында жылына 72 мың тонна көлемінде көмкәір шайыры мен көмір майы өндірісі жолға қойылатыны айтылған.