Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағандыда 30 келіден астам есірткі тәркіленді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында қала тұрғындарын ұстады. Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларын тінту барысында салмағы 30 келіден астам есірткі заттары табылды.
Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.Тергеу барысы Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында.