Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағандыда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, көлік жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қарағанды қаласының маңында 22 қараша күні таңғы уақытта жол апаты болды. Yutong маркалы жолаушылар автобусы мен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысып, нәтижесінде бір адам қайтыс болды.
Оқиға Қарағандының 15-ші магистралінде таңғы сағат 9:15-те болған. Автобус салонында 30 адам болған, ал жеңіл көліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Автобустың жолаушысы мен жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, қалған адамдардың денсаулығына зиян келген жоқ.
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалған.