Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жыл 1 қарашадағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін хабарлады.
1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда зейнеткерлердің саны 2 млн 230 мыңнан асады.
"2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда) 99 804 теңгені құрады", - делінген хабарламада.
2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыны төлеуге шамамен 682,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдері - 1 трлн 543,2 млрд теңге бөлінді.
2021 жылдың қазан айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,1 млрд теңгеден астам бөлінді, оның 67,9 млрд теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 153,2 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақыға тиесілі.
Министрлік 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалатынын еске салады. Бұл ретте зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақтастығы жүйесінде есептелген еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер кіреді.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болса, сондай-ақ ол болмаған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-не тең болса, онда 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның мөлшері 2 есеге өседі. Мәселен, 20 жыл еңбек өтілі болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%, 30 жыл - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 94%-ін құрайтын болады. 33 жыл және одан да көп өтілі бар болса, ол ең жоғары мөлшер - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% мөлшерінде белгіленеді.
Оның үстіне, бір ай ішінде БЖЗҚ бірнеше рет ОПВ аударған болса, жинақтау жүйесіне қатысу мерзімі бір айды құрайды. Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде төленсе, зейнеткерлік жасқа жеткендегі базалық зейнетақы төлемінің мөлшері соғұрлым жоғары болады.
Жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтіліне (кемінде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке шыққанға дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты.
2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнеткерлердің саны 2 млн 229 мыңнан асты. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда) 99 887 теңгені құрады.