Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 100.48 |
Лайт | 0.00 | 96.05 |
Данные на 14:40 мск |
Айтбек Амангелді марқұм Шерзат Болаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілгенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Құқық қорғаушы Айтбек Амангелді марқұм Шерзат Полаттың отбасын қауіпсіз жерге көшіргенін мәлімдеді. Алайда қайда көшірілгені туралы ақпаратты бермейтінін айтты.
- Біз отбасыны басқа аймаққа ауыстырдық. Қазір отбасы жаңа үйде, қауіпсіз жерге көшірілді. Біз бұл ақпаратты жарияламадық. Нақты қай жерге көшірілгенін айтпаймыз, бұл жариялауға жатпайтын ақпарат, – деді Айтбек Амангелді.
Отбасының адвокаты Саида Тәуекелова әкімдік тарапынан ешқандай көмек болмағанын атап өтті.
- Әкімдік үй беру бойынша ұсыныс жасаған болатын. Сол жерде үй салып береміз деген еді. Бірақ өртенген үйдің орнын тазалау жұмыстары бойынша да көмек көрсеткен жоқ. Тіпті әкімдіктен келіп, Қаржаубайдың көмектен бас тартатыны туралы айтқанын видеоға жазып аламыз деген. Қаржаубай бұл жағдайды түсінбей, ешнәрсе қажет емес екенін жеткізді, – деді Саида Тәуекелова.