| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп, дүкендер мен базарлардағы баға өсімі қоғам назарында екенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржы министрі Мәди Такиев сауда орындарындағы қымбатшылыққа қатысты пікір білдірді. Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген министр азық-түлік бағасының өсуі күнделікті өмірде байқалатынын айтты.
- Иә, біз дүкендер мен базардағы бағаның өскенін байқаймыз. Мен кеше балаларыммен дүкенге бардым, олар Twix қымбаттағанын айтты, – деді министр.
Сонымен қатар, тілшілер мемлекет тарапынан жалақыны жеке секторда да көтеру жоспары бар-жоғын сұрады. Министр азаматтық-құқықтық қатынастарға байланысты үкіметтің бизнеске тікелей араласа алмайтынын атап өтті.