Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы төлеуге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық жалақыға үстемеақы тағайындау тек бюджеттік қаражаттарды үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.
- Осы қаулымен үнемдеу болған жағдайда сыйақы төлемдерін жүзеге асыруға болатын шығын баптарының нақты тізімі анықталған (іссапарларға, коммуналдық және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алу және т.б. шығындарды үнемдеу). Қазіргі уақытта аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақы төлеуге шектеу қоятын өзгерістер енгізілмегендіктен, мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы төлеуге тыйым салуға негіз жоқ, - деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Қаржы министрлігінің алдыңғы мәлімдемесінде үкімет қаулысының нормаларын қатаң сақтау қажеттігі және тізімде көрсетілгеннен басқа бюджет баптарынан қызметкерлерге сыйақы төлеуге қаражат жұмсалмауын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілгені туралы айтылды.
- Мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін инвестициялық жобаларды іске асырудан және/немесе материалдық активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуы тиіс, - деп толықтырды ведомство.