Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттау тетігі әзірленді. Нәтижесінде 3 мыңнан аса сайт бұғаттауға жіберілді.
"Қолданыстағы заңнамаға қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттаудың тетігі әзірленді. Қабылданған шаралардың арқасында 3 мыңнан аса осындай сайттар бұғаттауға жіберілді.
Биыл жалпы 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 33 қылмыстық іс тіркелген. Сот 7 қылмыстық істі қарады, олар бойынша 11 адам сотталды. Барлық тұлғаларға нақты мерзімге - 3 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте 7 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
ҚМА азаматтарды аса сақ болуға және оларды қаржы пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырады.