Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президенті Румен Радевпен келіссөз жүргізді
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президенті Румен Радевпен келіссөз жүргізді

09.06.2025
1 мин
0
125
Сурет: Aqorda

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радевпен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтуға ниетті екендерін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Болгарияны Қазақстанның Еуропадағы маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

– Екіжақты сауда айналымының артып келе жатқаны қуантады. Нарықта 60-қа жуық болгар компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта біз тау-кен өнеркәсібі, өндіріс, көлік және құрылыс салаларында жемісті ынтымақтастық орнаттық. Энергетика, транспорт және логистика, жасыл энергия, атом өнеркәсібі, ғарыш, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, денсаулық сақтау, туризм секілді перспективті салалар бойынша ықпалдастықтың әлеуеті зор, – деді Президентіміз.

Өз кезегінде Румен Радев Қазақстанның даму қарқынын жоғары бағалап, екі ел арасындағы берік достық пен сенімді қарым-қатынасты атап өтті.

– Болгария екі ел арасындағы дәстүрлі әрі табысты байланысты жоғары бағалайды. Сіздердің табыстарыңыз таңғаларлық: экономикаларыңыз қарқынды өсіп келеді, инновация, ғылым, білім, жоғары технология салаларында зор табысқа жеттіңіздер. Кеше мен Ғарыш орталығын аралап көрдім. Сіздердің жетістіктеріңізден жақсы әсер алдым, – деді Болгария Президенті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл