Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айту хатын жолдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айтты.
- Осындай ауыр кезеңде достас Сербия халқының қайғысына ортақтасып, барлық қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтамын. Оқыс оқиғада бақилық болғандардың туыстарына сабыр, ал зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін, – делінген жеделхатта.