Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Катар Дональд Трампқа құны 400 миллион доллар тұратын президенттік Boeing ұшағын сыйға тартпақ, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұшақ 400 миллион долларға бағаланып, бұл америкалық көшбасшыға ұсынылған ең қымбат сыйлық болды.
Экономист Рахим Ошақбаевтың сөзінше, ұшақ әлемдегі ең сәнді әуе кемесі болып саналады.
Boeing 747-8 ұшағының интерьері құрамына ұйықтайтын бөлмелер, кең залдар, жұмыс кабинеттері және жоғары деңгейлі демалыс аймақтары кіреді.
Трамп бұл "ұшатын сарайды" биыл ақпанда Уэст-Палм-Бич халықаралық әуежайында тұрған кезде өз көзімен көріп шыққан. Ұшақтың ішкі көрінісі өте бай әрі сәнді безендірілгені соншалық, ол "ұшатын сарай" деген атауға ие болған.
Басылым АҚШ Конституциясы президентке Конгрестің рұқсатынсыз шет елдерден сыйлық алуға тыйым салатынын түсіндірді.
Хабарларға қарағанда, ұшақ Трамптың президенттігі кезінде үкіметтің меншігінде қалады, содан кейін президенттік кітапханаға беріледі.
Демократтар бұл әрекетті парақорлық және шетел ықпалының көрінісі деп сынға алды. Ақ үй болса, шетелден келген сыйлықтар заңға сай рәсімделетінін мәлімдеді.
Фотосуреттер Рахим Ошақбаевтың Instagram парақшасынан алынған.