Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлы ісіне қатысты тергеу туралы айтты.
Ведомство мәліметінше, тергеу әлі де жалғасып жатыр.
"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шетелдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзив асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды", - делінген Антикор хабарламасында.
Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу дерегі анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.