Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, олимпиаданың 49 жүлдесі сарапқа салынған турнирде Қазақстан атынан 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) ел намысын қорғады.
11 наурызда рингке бірінші болып Азия чемпионы Айбек Оралбай (92 кг) шықты, ол Жамар Таллейді (АҚШ) барлық раундта сенімді түрде ұтып, Олимпиадада өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Валентина Хальзова ширек финалда Ұлыбритания атынан сынға түсіп жатқан Камерун тумасы Синди Нгамбаға есе жіберді. Физикалық мықтылығын ұтымды пайдаланған Синди Нгамба отандасымызды 3 мәрте нокдаунға түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Алуа Балқыбекова (50 келі) теңдей өткен айқаста неміс Карина Клетцерге 2:3 есебімен жол берді.
Осылайша, Бусто-Арсициода ҚР әйелдер құрамасы олимпиадаға лицензия ала алмады.
2021 жылғы әлем чемпионы Сәкен Бибосынов (51 кг) ширек финалдық жекпе-жекте Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері британдық Киаран Макдональдты 4:0 есебімен жеңді.
Махмұд Сабырхан 57 келідегі тартысты шешуші айқаста жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Асрор Вахидовты 4:1 есебімен жеңді. 22 жастағы жерлесіміз көптен күткен Олимпиаданың шаршы рингінде бақ сынауға мүмкіндік алды.
Әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов (71 кг) әзірбайжандық Вархан Алиевтен 5:0 есебімен басым түсті.
80 келіде әлем чемпионы Нұрбек Оралбай шешуші айқаста Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Колин Кассидиді 4:1 есебімен жеңді.
Париж Олимпиадасы-2024 жолдамасының иегерлері:
Әйелдер:
Ерлер: