| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақтың тазы ит тұқымы халықаралық деңгейде мойындалды. Бұл- еліміздегі кинологтардың ұзақ жылғы еңбегінің, табандылығы мен жанашырлығының жемісі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан кинологтар одағы соңғы үш жылда ұлттық ит тұқымдарын зерттеу, сақтау және әлемдік деңгейде таныту бағытында ауқымды жұмыс атқарды. Нәтижесінде ұйым Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) толыққанды мүшесі атанып, қазақ тазысы тұқымын алдын ала мойындауға ресми өтінім берді.
FCI Бас комитеті қазақ тазысы тұқымын алдын ала мойындау жөнінде тарихи шешім қабылдап, бұл жаңалық ел абыройын асқақтатты. Мамандардың айтуынша, бұл қадам қазақ ит тұқымдарының беделін арттырып, отандық кинологияның жаңа белесін ашты.
Кинологтар үшін бұл тек кәсіби жеңіс емес, ұлттық құндылыққа деген құрметтің көрінісі.

