Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан 2025 жылға қарай киіктің мүйізін шетелге сатуы мүмкін
Жаңалықтар

Қазақстан 2025 жылға қарай киіктің мүйізін шетелге сатуы мүмкін

10.11.2023
1 мин
0
441
Фото. ortcom.kz

Қазақстанда киік мүйізі шетелге сатылуы мүмкін. Бүгінде киік өнімдерін экспорттауға халықаралық қауымдастық тыйым салған. Дегенмен министрлік өкілдері Женева қаласында СІТЕЅ Хатшылығымен аталған мәселені кеңесіп жатыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. 

"Киік мүйіздері фармацевтикадағы дәстүрлі компонент әрі Шығыс елдеріндегі, негізінен Қытайда дәрі-дәрмектердің құрамдас бөлігі саналады. Бүгінде киік мүйіздерін экспорттауға мүмкіндігіміз жоқ. «СИТЕС» сирек кездесетін жануарларды қорғау жөніндегі халықаралық ұйымы жекелеген жануарларды қолдануға (оның ішінде киік те бар) тыйым салды", – деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министр бүгінде Женевада киіктердің мүйізін пайдалануға тыйым салуды алып тастау туралы мәселе талқыланып жатқанын айтты. 

"Рұқсат алу мерзімі – 2025 жылдың басы. Бүгінгі таңда киіктердің санын реттеуден алған барлық мүйіз таңбаланып, «Охотзоопром» мамандандырылған кәсіпорнының арнайы үй-жайларында сақталады. Қазір киіктердің мүйіздерін сатпаймыз, бірақ болашақта киіктердің мүйіздерін сыртқы нарыққа сатуды жоспарлап отырмыз", – деді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл