Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан азаматы ресейлік өнімді алаяқтықпен сатқан
Жаңалықтар

Қазақстан азаматы ресейлік өнімді алаяқтықпен сатқан

25.07.2023
1 мин
0
742
Фото: biz.censor.net

Ресей бидайы Қазақстанға кіргізіліп, отандық өнім ретінде Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстанға экспортталып келген. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті.

«ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті Ресей бидайын қазақстандық өнім ретінде экспорттау үшін жалған келісімшарттар бойынша заңсыз әкелу схемасын анықтады.

Анықталған тұлға 2021-2022 жылдар аралығында 26 мың тонна ресейлік бидайды Орталық Азия елдеріне (Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан) қазақстандық өнім ретінде жазылған жалған шот-фактуралар бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға экспорттаған.

Осылайша, жалпы сомасы 460 млн теңгені құрайтын халықаралық транзиттік тариф бойынша тасымалдау төлемдерін төлеуден жалтарған.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Мәлім етілгендей, ауыл шаруашылығы тауарын адал өндірушілердің мүддесін қорғау мақсатында бидай өткізуге байланысты жалған шот-фактураларды заңсыз беру фактілерінің жолын кесу жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Тек соңғы бір жарым жылда Павлодар облысында 5,4 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактураларды бергені үшін 5 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл