Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан банктері жаңа стандартқа көшті
Жаңалықтар

Қазақстан банктері жаңа стандартқа көшті

16.01.2025
1 мин
0
1310
Сурет: creditsdaily.ru

Қазақстанның барлық коммерциялық банктері қаржы ұйымдары арасындағы деректер алмасу үшін ISO 20022 жаңа халықаралық стандартына көшті. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, елдің төлем жүйелері мен банктердің ақпараттық жүйелері жаңа стандартқа сәйкес жетілдіріліп, 13 қаңтардан бастап жаңа форматта іске қосылды. Банктер клиенттерден төлем тапсырмаларын ақпараттық жүйелердің жұмыс кестесіне сәйкес стандартты режимде, ешқандай шектеусіз және кідіріссіз қабылдайды.

- Жаңа стандартқа көшу төлемдерді өңдеуді автоматтандыруға, есеп айырысу жылдамдығы мен қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді. ISO 20022 стандартының ерекшелігі – төлем немесе мәміле туралы қосымша мәліметтерді беру мүмкіндігі, бұл сәйкестендіру процесін жеңілдетіп, қателіктер санын азайтады және клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттырады, – делінген хабарламада.

ISO 20022 әртүрлі төлем және ақпараттық жүйелер арасында үйлесімділікті қамтамасыз етіп, трансшекаралық операцияларды және халықаралық сауданы қолдауды жеңілдетеді. Қазақстан бұл стандартты қабылдаған Орталық Азиядағы алғашқы ел болып, Еуроодақ пен Оңтүстік-Шығыс Азия қатарында тұр.

Оны енгізу қаржы институттарының клиенттермен өзара іс-қимылын жақсартып, операциялардың тиімділігін арттырады және бірыңғай ережелер мен процестердің арқасында технологиялық өзгерістерге оңай бейімделуге мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл